Төтенше жағдай
1 мин оқу 130

Алматыда жер сілкінісі сезілді

<p style="text-align: left;"><strong>Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space">&nbsp;</span><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 02:16-да орын алған. Сейсмикалық оқиға Қытай аумағында тіркелді.

Жер сілкінісінің сипаттамасы:

  • Магнитудасы: 5,0.
  • Алматыдағы сезілу деңгейі: 2 балл.
  • Эпицентрі: Қытай аумағы, Как-Шаал-Тоо жотасы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Бедель ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр аймағында жерасты дүмпулерінің қарқындылығы 3,5 балды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанда Алматыда жер  сілкінді.

Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісі сезілді · Egemen Qazaqstan