Аймақтар
1 мин оқу 270
Атырауда 400-ге жуық оқушы үйінен білім алады
<p>Мұнайлы шаһардың білім ордаларында ерекше қажеттілігі бар оқушылардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметіне қарағанда, шаһардағы орта мектептерде 78 мың оқушы оқып жүр.
«Мүмкіндігі шектеулі 400-ге жуық бала үй жағдайында білім алады. Қаладағы 20 мектепте инклюзивті сыныптар жасақталды. Бұл сыныптардың әрқайсысында 8 оқушы оқиды», дейді Айнагүл Дүйсекенова.
Бөлісу:
