Лондондағы қазақ портреті
<p style="text-align: left;">1803 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қала­сында «Ресей империя­сының киім мәдениеті» атты кітап В.Миллер және басқа авторлар тарапынан жарық көрді. Бұл – империя құрамындағы халықтардың киім-ке­шек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен бірден-бір еңбек. Ағылшын және фран­цуз тілінде түсін­дірме беріліп, әр халық­тың киім үлгісі туралы ақпарат жеткізетін еңбек­тің біздің мәдениет үшін маңызы жоғары. Төменде кітапта жа­зылған түсіндірмені қаз-қалпында аударып беріп отырмыз.</p>

«Қазақтар бұрыннан белгілі халық болса да, ешқашан атап айтылмаған, өйткені олар көшпелі өмірде барымтаны дәстүр еткен.
Олар үш ордаға (жүзге) бөлінген, оның ішінде екі жүздің құрамы ғана Ресей өкіметінің қарамағында. Бұлар Орал мен Ембі өзендерінің аралығында жатқан территорияны мекендейді; бірақ олар үнемі көшіп-қонып жүреді және Еділ мен Каспий жағалауында барымта әрекеттерін жиі жасайды.
Олардың жүріс-тұрысы мен келбеті тым ерекше Қазақтардың әлпеті басқа татар тайпалары сияқты ашық, көзі кішкентай болса да, олар жинақы көрінеді. Ат үстіндегі халықтың үнемі әртүрлі оқиғаларымен алыс-жақынға аты шыққанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл болмыс олардың өмір сүру дәстүріне және батылдық пен даңқ туралы көзқарасына байланысты болуы мүмкін. Қазақтардың үйі туралы айтсақ, тұрмысқа қолайлы киіз үйлерде тұрады. Оларды тізгіндеп отыру үшін Ресей өкіметі қазақ даласында көптеген әскери бекет салды».