Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 500
Саябақ – туннель
<p style="text-align: left;">Дубайда жазда күн қатты ысып кететіндіктен, адамдар көбіне сау­да орталықтарында ғана серуен­дей алады. Бірақ арабтар тұр­ғындар мен туристерінің жаз­дағы жағдайын ойлап, 93 шақы­рым саябақ туннель салмақ.</p>

Саябаққа арнайы салқындатқыштар орнатылады. Осылайша, туннель ішінде қолайлы температура болады. Сондай-ақ жасыл-желек отырғызылады, спорт алаңдары салынады, скейтборд аймақтары, тамақ-су сатылатын орындар мен демалуға арналған орындықтар да жоспарланған. Жобаны «URB» сәулет студиясы әзірлеген. Енді бұл жер Дубайдың негізгі демалыс аймағына айналады. Қала билігінің жоспары бойынша, болашақта тұрғындардың 80 пайызы осы жабық жол арқылы жүреді.
Бөлісу: