Экономика
1 мин оқу 20

Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі

<p style="text-align: left;"><strong>ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаның түбін тереңдету жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба бойынша теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайту және жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз ету көзделіп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі

Жобаны толықтай ERSAI компаниясы қаржыландырады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыруға дайындық барысында ERSAI Cutter Suction Dredger (CSD 650) типіндегі ERSAI 5 атты жеке жерснарядтың құрылысын қаржыландырды. Бұл түбін тереңдету жұмыстарының мерзімі, сапасы және құны бойынша толық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Көлік министрлігі

Жобаның мерзімі – іске асыру 2026 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығын қамтиды, жұмыстардың жалпы көлемі 1 млн м³.

Теңіз түбін тереңдету жұмыстары – контейнерлік терминалды іске қосуды және кеме жасау-жөндеу қуаттарын кеңейтуді көздейді.

Жобаны іске асыру – жүк айналымының өсуіне, Орта дәліз бойындағы транзиттік ағындарды тартуға, сондай-ақ Каспий өңірінде болашақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі · Egemen Qazaqstan