Спорт
1 мин оқу 10

Жәнібектің табысы

<p style="text-align: left;">Кәсіпқой бокста Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бүгінге дейінгі мансабында қомақты қаржы табыс тапқан. Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бо&shy;йынша әлем чемпионы атанған боксшының жалпы табысы шамамен 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.</p>

Жәнібектің табысы

Бұл мәліметті спорт саласындағы шетелдік SurpriseSports порталы жария­лады. Сарапшылардың мә­ліметінше, Әлімханұлының табысы тек жекпе-жектерден алынған гонорармен шектелмейді. Оған телетрансляция үлесі, демеушілік келісімдер мен жарнамалық табыстар да кіреді.

7 желтоқсанда отандасымыз WBA тұжы­рымы бойынша «алтын белбеу» иегері, кубалық Эрисланди Ларамен қолғап түйістіруге тиіс болған. Алайда жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда Жәнібектің ағзасынан рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектердің ізі анықталғаны хабарланып, кездесу ресми түрде тоқтатылды.

Бөлісу:
Жәнібектің табысы · Egemen Qazaqstan