Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

<p style="text-align: left;">Хелен Келлердің тағдыры адам рухының қаншалықты мықты екенін тағы бір дәлелдей түседі. Өжет жазушы бір жарым жасында ауыр дертке шалдығып, көру және есту қабілетінен айырылған. Алайда ол осының бәріне еш мойынсынған жоқ.</p>

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Анығырақ айтсақ, оны мойын­сығызба-ған ұстаздары. Бір адамның тағдыры бір адамға байланысты болатыны да ғажап. Сол кезеңде медицина да, қоғам да мұндай баладан үлкен үміт күтпейтін. Бірақ алғашқы ұстазы Энн Салливан оған әріптерді алақанына жазып, тіл үйретеді. Ал Сара Фуллер сөйлеуді үйретеді. Кейін ол бірнеше тілді меңгеріп, жоғары білім алды, кітаптар жазды, дәрістер оқыды. Хелен Келлер мүгедектердің құқықтарын қорғау жолында күресті, әйел теңдігі, әлеуметтік әділеттілік, бейбітшілік мәселелеріне де үн қосты.

Бөлісу:
Қараңғыдан жарыққа жол тапқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар