Жаңалықтар
1 мин оқу 275

Аргентинадан неміс ұлтшылдары паналаған үңгір табылды

23-03-15-ubejishe_nachistov-2АСТАНА. 23 наурыз. Аргентина археологтары ІІ дүниежүзілік соғысының аяқталар тұсында неміс ұлтшылдарының қашып келіп, бой тасалаған мекенін тапты. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады. Бұл ұлтшылдар тұрағы елдің солтүстігіндегі адам аяғы сирек басатын ну-тоғайдың ішінде орналасқан екен. Буэнос-Айрес университетінің зерттеушілері әлгі жерден 1938 жылы шығарылған неміс монетін және «Германияда жасалған» деген белгісі бар фарфор тәрелкін кезіктірген. Археологтардың жетекшісі Даниэль Шавелзон: «ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Германия билігіндегі ұлтшылдар өздерінің басына іс түсер күн туған жағдайда жан сақтау үшін адам аяғы баспаған жерлерге осындай тұрақ-жайлар салған», дейді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: gazeta.kz.  
Бөлісу:
Аргентинадан неміс ұлтшылдары паналаған үңгір табылды · Egemen Qazaqstan