Білім
1 мин оқу 10

2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі

<p><strong>Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылы студенттерді жатақханамен қамту мақсатында 10 740 орынға арналған 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған.

Ведомство дерегіне сәйкес, жыл басынан бері 8 757 орындық 26 жатақхана пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін қосымша 1 983 орынға арналған тағы 5 жатақхананы қолданысқа беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар Гүлзат Көбенова соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай оң динамика қалыптасқанын атап өтті. Атап айтқанда, 2018 жылдан бері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 72,5%-ға қысқарған. Егер 2018-2019 оқу жылында тапшылық 61,4 мың орынды құраса, 2024-2025 оқу жылында бұл көрсеткіш 16,9 мың орынға дейін азайған.

Вице-министрдің сөзінше, аталған көрсеткіштер студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартуға және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесін көрсетеді.

Бөлісу:
2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі · Egemen Qazaqstan