Атырау облысында бір жыл ішінде 61 бала биіктен құлаған
<p><span lang="KZ">Атырау облысында жыл басынан бері биіктен құлауға байланысты 155 дерек тіркелген. </span><span lang="KZ">Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мұндай жағдайға себеп болатын бірнеше жайтты атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бірінші себеп – тұрғын үйдің терезесі мен балконында қорғаныштың болмауы. Екіншіден, тұрғындардың көпшілігі терезеге таяу тұсқа жиһаз қояды. Үшіншіден, терезе бекіткіші дұрыс орнатылмайды. Төртіншіден, балалар үйінде бақылаусыз қалады.
«Биіктен құлау – балалар өміріне қауіп төндіретін жайт. Бір жыл ішінде жедел медициналық жәрдем қызметінде 155 жағдай тіркелді. Оның 61-і балаларға қатысты дерек. Өкінішке қарай, бір жағдай өліммен аяқталды», деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.
