2025 жылдың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
<p data-start="66" data-end="184"><strong>30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде мұздақ жаңбыр, көктайғақ және қатты жел тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қолайсыз ауа райы ертең де сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы +3 градусқа дейін жылынады.
Ал оңтүстік өңірлерде күн +15°C-қа дейін ысуы мүмкін.
Осыған байланысты ҚазАвтоЖол бес облыста Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жетісу өңірлерінде жол қозғалысын уақытша шектеді.
Жалпы саны 9 республикалық маңызы бар автожол жабылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолдарды ертең таңғы сағат 8:00-де ашу жоспарланып отыр. Жолдарды күтіп ұстауға 862 арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайының қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда әуежайда 4 рейс ұшуға, 11 рейс қонуға кешіктірілген.
