ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады
<p style="text-align: left;"><strong>Астана қаласының цифрлық сервистерін жаңғырту аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап iKOMEK109 қолданыстағы мобильді қосымшасы арқылы өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

– Жаңартылған мобильді қосымша іске қосылғанға дейін тұрғындар мен қала қонақтары өз өтініштерін балама арналар арқылы жолдай алады. Атап айтқанда, өтініштерді iKOMEK109 Telegram чат-боты арқылы, 109 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып (қалалық және ұялы телефондардан), Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – www.gov.kz, 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы, сондай-ақ iKOMEK109-тың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жіберуге болады, – делінген ақпаратта.
Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы уақытша қолайсыздықтарға байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытуды сұрап, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
