Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 30
Қазақстанның Киберполициясы шетелде орналасқан жеті call-орталықты жойды
<p>Еліміздің Киберполиция қызметі ел аумағынан тыс жерде жұмыс істеген жеті жалған call-орталықтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталып, 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілген.
Халықаралық арнайы операциялардың нәтижесінде алты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары нөмірлерді жаппай ауыстыру мен жалған қоңырауларды автоматтандыру үшін қолданылған 100 мыңға жуық SIM-карта мен 88 SIM-box құрылғысын тәркілеген.
Бөлісу:

