Туризм
1 мин оқу 30

Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады

<p><strong>Үкімет 2026&ndash;2028 жылдары&nbsp;бірнеше өңіраралық әуе рейсін іске қосу үшін&nbsp;қосымша қаражат бөлуі мүмкін.&nbsp;Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p> <p>&nbsp;</p>

Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады

Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерін субсидиялау бағдарламасын 2002 жылдан бері жүзеге асырып келеді. 

Осы бағытта Ақтау – Қостанай, Ақтау – Қарағанды, Ақтау – Атырау, Ақтау – Ақтөбе, Ақтау – Орал, Ақтау – Петропавл, Ақтау – Тараз әуе рейстерін іске қосу жоспарланып отыр. 

«2025 жылға арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде 23 әуе бағытын субсидиялауға 6,4 млрд теңге  бөлу көзделген. Оның ішінде: Түркістан – Ақтау – 8 ай ішінде аптасына 2 рейс, тариф – 28 000 теңге, сомасы – 296,3 млн теңге. Көкшетау – Ақтау – 11 ай ішінде аптасына 2 рейс, тариф – 30 000 теңге, сомасы – 488,817 млн теңге. Сондай-ақ бюджет қаражатын оңтайландыру шеңберінде осы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ақтау – Қарағанды әуе бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен 3 ай мерзімге ашылды, тариф – 25 000 теңге, сома – 125 млн теңге», делінген премьер-министрдің жауабында. 

Қазақстанда 2026 жылы қандай жаңа әуежайлар мен әуе рейстері іске қосылады?

Ал Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады. Сондай-ақ елімізде үш жаңа әуежай салу жоспарланған.

Бөлісу:
Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар