1 апта бұрын жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды
<p>30 желтоқсан күні Алматыдағы Есенов көшесіндегі үйінен орталыққа ұялы телефонын жөндетуге шыққан жасөспірім үйіне оралмаған. Қалалық полиция 2011 жылы туған тұрғынның жоғалып кетуіне байланысты іздеу жариялаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тигран есімді баланы іздеуге Жетісу аудандық полиция бөлімі мен Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері «Қоғам» жасағы, еріктілер және туыстары жұмылдырылған.
Аталған топ жоғалған баланы 1 апта бойы іздеп, Алматы қаласынан аман-сау тапты.
Тигранның туыстары полицей қызметкерлері мен еріктілерге, «Қоғам» жасағына алғыс білдірді.
Айта кетейік, Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасы іздестіріліп жатыр. 6 айға жуық хабар-ошарсыз кеткен отбасы мүшелеріне қатысты тың деректер жарияланды.