Ауа батареясы

<p style="text-align: left;">Қытайдағы Хайси-Моңғол-Тибет автономды округінде әлемдегі ең ірі &laquo;ауа батареясы&raquo; жобасы іске қосылмақ. Бұл жүйе энергияны сақтау үшін сұйытылған ауаны пайдаланады.</p>

Ауа батареясы

Демонстрациялық қондырғының қуаты 60 мың кВт, ал энергия сақтау сыйымдылығы 600 мың кВт·сағатқа жетеді. Ол – 194 °C температурадағы алып резервуарларда энергияны жинап, одан кейін 10 сағат бойы үздіксіз электр қуатын өндіре алады. Жоба ауаны сұйылту және қайта газға айналдыру циклі арқылы жұмыс істейді, бұл кезде СО₂ бөлінбейді. Сонымен қатар бұл технология шөлді аймақтарда күн және жел энергиясының әлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады.

Бөлісу: