Алматы облысында қар барысының ізі анықталды
<p><strong>«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркінің инспекторлары Шелек өзені маңында қар барысының ізін анықтаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>
Аталған парктің Таушелек орманшылығы аумағында, Шелек өзені бойында мемлекеттік инспекторлар Омар Әміриев пен Дүйсен Келдәулет кезекті рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануардың ізін, сондай-ақ таутекелер мен бұғы-маралдарды ұялы телефонға түсіріп алған.
«Мұндай кадрлар ұлттық парктің табиғи байлығы сақталып, жануарлар әлемінің тұрақты мекендеп жатқанын көрсетеді. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз», делінген бейнежазба мәлімдемесінде.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қар барысы фототұзаққа ілінгенін хабарлаған едік.
