Қоғам
1 мин оқу 32

Елімізде медициналық қызметке арналған ваучерлер беріле бастайды

<p data-start="105" data-end="171"><strong>Бұл &ndash; медициналық көмек алу үдерісін мейлінше ашық етеді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстанда медициналық қызметтерге арналған ваучерлер беріле бастайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елімізде медициналық қызметке арналған ваучерлер беріле бастайды

Кабинетте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында ел тұрғындары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде кепілдендірілген дәрі-дәрмек пакетін ала алады. Биыл бұл сервис жеке дәріханаларда қосымша төлем механизмі арқылы қолжетімді болады.

Сонымен қатар, отандастарымызға медициналық қызметтерге ваучерлер беріле бастайды.

«Дәрі-дәрмекті беру жүйесіне қосымша медициналық қызметтерге ваучер алу мүмкіндігі қарастырылып отыр, бұл медициналық көмек алу процесін азаматтар үшін одан әрі ашық әрі ыңғайлы етеді», делінген хабарламада.

Саланы цифрландыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі мақсат – ел тұрғындарына нақты тиімділік көрсету және дәрігерлердің жүктемесін азайту.

Сонымен қатар, биыл «Әлеуметтік әмиян» жобасы мемлекеттік қолдау шараларының тағы 10 түріне  кеңейтілетіні белгілі болды.

Бөлісу: