Спорт
1 мин оқу 30

Грозныйда АСА турнирі өтті

<p><strong>Шешенстанның бас шаһары &ndash; Грозныйда аралас жекпе-жектен АСА турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Грозныйда АСА турнирі өтті

Сол жарыста қазақтың екі спортшысы күш сынасып, бірі қуантты, екіншісі мұңайтты. Аса жеңіл салмақтағы Қайрат «Қазақ» Ахметов (31-2) жергілікті файтер Мансур Хатуевты (16-6) төрешілердің шешімі бойынша еш күмәнсіз ұтып, 38 жасқа келсе де, әлі де бабында екенін байқатты.

Джек Шавхатты жекпе-жекке шақырды

Ал соңғы кездері бірде ұтып, бірде ұтылып жүрген жартылай ауыр салмақтағы Асылжан «Сақ» Бақытжанұлын (17-5-1) бұл жолы шешен жігіті Сулим Баталов (9-1) бірінші раундта-ақ ауыр соққыларымен сұлатып салды.

Әлімханұлы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне уәде берді

Бөлісу: