Спорт • 27 Қараша, 2025

Әлімханұлы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне уәде берді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтетін, WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисландии Лараға қарсы айқасы қарсаңында мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Әлімханұлы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне уәде берді

Боксшы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында алдағы қарсыласының деңгейін атап өтіп, жанкүйерлеріне нақты уәде берді.

«Лара менің деңгейімдегі боксшымен әлі жұдырықтасқан жоқ. Ол «Жәнібек менің деңгейімде ешкіммен жекпе-жекке шықпады» депті. Бірақ мен де айта аламын, ол да менің деңгейімдегі боксшымен кездескен жоқ. Мен жыл нокаутын жасаймын», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Боксшы жазбасына теңіз жағасында түсірілген суретін қоса жариялаған.

Шаршы алаңдағы жекпе-жек орта салмақтағы төрт негізгі чемпиондық белбеудің үшеуі үшін өтеді. Бәсеке АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында ұйымдастырылады. 42 жастағы Эрисланди Лара тәжірибесі мен тактикалық шеберлігімен танымал және Жәнібектің карьерасындағы ең күрделі қарсыластардың бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35