Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды
<p data-start="119" data-end="288">Атырау қаласындағы <strong data-start="138" data-end="153">AiRom Arena</strong> спорт кешенінің баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы оқиға <strong data-start="239" data-end="253">8 қаңтарда</strong> болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Спорт кешенінің мейірбикесі жүрек-өкпе реанимациясын жүргізгенімен, 103 бригадасы келген сәтте жасөспірім жансыз болған.
Жергілікті басылымның дерегінше, марқұмның жүрек жеткіліксіздігі болған, алайда ол медициналық есепте тұрмаған.
Айта кетейік, 3 қаңтар күні Алматы облысында мұз астына түсіп кеткен жасөспірім қаза тапқан еді.