Төтенше жағдай • 03 Қаңтар, 2026

Алматы облысында мұз астына түсіп кеткен жасөспірім қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылындағы су айдынында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында мұз астына түсіп кеткен жасөспірім қаза тапты

Хабарлама 112 нөміріне түскен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен сүңгуірлер жеткен. Төрт жасөспірім су айдынының маңында ойнап жүріп, жұқа мұздың үстіне шыққан. Мұз шыдамай сынып, төртеуі де суық суға құлаған.

Жақын маңда балық аулап жүрген азамат көмекке ұмтылып, үш баланы судан алып шыққан. Алайда төртінші жасөспірімді құтқара алмаған. Оның мәйітін кейін сүңгуірлер су түбінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

ТЖМ өкілдері ата-аналар мен балаларды сақ болуға шақырып, жұқа мұздың үстіне шықпауға, балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға және су айдындары жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10