Алқынбайтын альпинист

<p style="text-align: left;">Түркиялық альпинист Левент Коч әлемдік рекорд орнатты. Ол кейінгі үш жылда ең көп шың бағындырған спортшы атанып отыр.</p>

Алқынбайтын альпинист

Альпинист 2023 жылы – 81, 2024 жылы – 101, ал былтыр – 70 шыңға шыққан. Бұл – үш жылдың өзінде 252 шың деген сөз. Спортшы осы жетістіктің өзін місе тұтып отырған жоқ. Жақында ғана Әзербайжандағы Шаһдаг тауына көтеріліп, Нахчыван автономиялық республикасындағы Хачадаг шыңын да бағындырған. Сондай-ақ Грузиядағы Қазбек пен Ирандағы Дамаванд секілді биік тауларға экспедициялар ұйымдастырған.

Бөлісу:
Алқынбайтын альпинист · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар