Елорда
1 мин оқу 30

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

<p>Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

«2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада. 

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі. Тек елдің батысы мен шығысында қар аралас жауын-шашын жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ және тұман күтіледі.

Айта кетейік, бүгін Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу форматына көшірілген еді. Сондай-ақ Қостанай облысында да бірқатар мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына көшірілді. 

Бөлісу:
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар