Оқиға
1 мин оқу 20

Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?

<p><strong>Астанада 17 және 18 қаңтар күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ет, көкөніс және сүт өнімдерін тікелей фермерлерден, делдалсыз әрі тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Демалыс күндері азық-түлікті қайдан арзан алуға болады?
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, сауда қатары «Keryen Joly» аумағында (Алаш тасжолы, 35б мекенжайы бойынша) орналасады. Жәрмеңке таңғы сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстанның әр өңірінен келген тауар өндірушілер келесі өнімдерді ұсынады:
  • Жаңа сойылған ет өнімдері;
  • Көкөністер мен жеміс-жидектер;
  • Сүт өнімдері мен наубайхана бұйымдары;
  • Табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға бағытталған автобус маршруттарының тізімі ұсынылды: №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317.
 
Еске сала кетейік, елордада 10-11 қаңтар аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Бөлісу: