Оқиға
1 мин оқу 0

Астанада бір жылда теміржол аумағында 77 адам зардап шекті

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-hveid="CAEIAxAA" data-processed="true" data-complete="true"><strong>2025 жылы Астана қаласында теміржол бойында 77 адам түрлі жарақат алып, оның жартысына жуығы қайтыс болды. Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін ескермей, жолды қысқарту үшін рельстерді рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі қайғылы жағдайлардың басты себебіне айналып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Астанада бір жылда теміржол аумағында 77 адам зардап шекті
Polisia.kz порталының мәліметінше, өткен жылы елорда аумағында пойыздардың 1 869 шұғыл тежелуі тіркелген. Оның ішінде 334 жағдай тікелей теміржолда адамдардың болуына байланысты болған. Департамент өкілдері жарақат алу көрсеткішінің жоғары екенін және оқиғалардың басым бөлігі адам өлімімен аяқталатынын хабарлады.
Тәртіп сақшылары 2025 жылы жағдайды түзету мақсатында 27 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізген. Соған қарамастан, теміржол бойындағы құқық бұзушылықтар тыйылмай тұр. Полиция азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және теміржол нысандарында бекітілген ережелерді қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу: