Қатты аяз, қарлы боран: 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p><strong>«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бірқатар облыста қатты аяз, қарлы боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Жетісу облыстарында түнгі ауа температурасы -35…-41°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Алматы, Жетісу және Талдықорған өңірлерінде де -25°С-тан төмен қатты аяз болжанып отыр.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Ірі қалаларда да қолайсыз ауа райы күтіледі: Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтау, Атырау және Қызылордада тұман мен көктайғақ, желдің күшеюі болжанған.
Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға, жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырады.