Футбол
1 мин оқу 111

Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды

<p><strong>20 қаңтар күні &laquo;Астана Арена&raquo; стадионында алматылық &laquo;Қайрат&raquo; командасы Бельгияның&nbsp;&laquo;Брюгге&raquo; клубына қарсы матч өткізеді. Қонақ команда&nbsp;Астанаға ұшып келді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды

Клуб Instagram-дағы парақшасында «Сәлем, Астана!» деген жазба қалдырып, бірнеше контент жариялаған. Қос құрама арасындағы кездесу ертең сағат 20:30-да басталады. 

«Қайрат» үшін бұл матч Чемпиондар лигасы аясында өз аренасында өткізетін соңғы ойын болмақ. 

Аталған ойыннан кейін «Қайрат» азулы «Арсеналға» қарсы доп тебеді. Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де Лондондағы Emirates Stadium стадионында өтеді. 

Айта кетейік, «Қайрат» – «Арсенал» матчына билет бағасы жарияланды.

Сондай-ақ «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты. 

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» сапынан израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад кеткенін хабарлағанбыз.

Бөлісу: