Футбол • 08 Қаңтар, 2026

Офри Арад «Қайраттан» кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 жастағы израильдік жартылай қорғаушы алматылық Офри Арад «Қайрат» клубындағы мансабын келісімшарт мерзімінің бітуіне байланысты аяқтады. Ол «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде команда намысын қорғады, деп жазады Egemen.kz.

Офри Арад «Қайраттан» кетті

Фото: sport-pulse.kz

Келесі маусымда ол жартылай қорғаушы позициясына сәтті ауысып, қысқа уақыт ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды.

Арад «Қайраттың» 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атануына, 2025 жылы Қазақстан Суперкубогін жеңіп алуына, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. Алматылықтар сапындағы соңғы матчында «Джузеппе Меацца» стадионында «Интердің» қақпасына гол соқты (1:2).

Офри Арад командада болған үш маусым ішінде 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасы алдында еуропалық клубтармен екі жолдастық кездесу өткізеді. 

Қазір құрама Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар