Футбол • 07 Қаңтар, 2026

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Transferroom порталы 2026 жылдың қорытындысы бойынша 21 жасқа дейінгі футболшылардың арасынан үздіктерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Бір қуантарлық жайт, осы рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев көш бастап тұр.

Екінші және үшінші орындарда – гондурастық Дерек Монкада («Олимпия») мен боливиялық Эсклейзон Фрейта («Боливар»). Одан кейінгі сатыларға Василий Костов («Црвена Звезда»), Кауа Элиас («Шахтёр Донецк»), Никола Симич («Партизан»), Макслорен Кастро («Спортинг Кристаль»), Лукас Д’Агрелла («Фаренс»), Тарас Мыхавко («Динамо Киев») және Матиас Силтанен  («Юргорден») жайғасты.       

Соңғы жаңалықтар