Пікір
1 мин оқу 10

Бизнесті қолдауды бір жүйеге келтірсек

<p style="text-align: left;">Қазір бізде кәсібін дамытқысы келетін азаматтарға қолдау көп. Бірақ соны бір жүйеге түсірген жөн. Сонда ғана бизнестің ел эко&shy;номикасындағы үлесі артады. Осы күні банктер ұсынып отырған мөлшерлемесі жоғары несие бизнестің адымын аштырмайды.</p>

Бизнесті қолдауды бір жүйеге келтірсек

«Ауыл аманаты» – ауылды дамытатын жоба. Мөлшерлемесі де тиімді. Жер-жерде осы бағдарлама аясында тірлігін бастап жатқандар аз емес. Алда осы мақсатта бері­летін қаражатты ұлғайтып, кепілдік мәселесін елдегі ағайын үшін тиім­ді етсе құба-құп. Бұл ауыл шаруа­­шылығы саласын көтерудің бірден-бір жолы. Алдағы 3 жылға бұл бағытқа 450 млрд теңге бөлінеді.

Тағы бір мәселе – бізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалып жатқан салық жеңілдігі мен қаржылай қолдаудың тиімділігін анықтайтын орган жоқтың қасы. Сондықтан да цифрлық платформа арқылы алынған қаржы мен жұм­салуы, ашылған жұмыс орындары, өндірістер саны талдануы керек. Бұл айтылған мәселенің бәрі Ұлт­тық құрылтай аясында көте­рі­ліп, шешімін тапса игі.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Бизнесті қолдауды бір жүйеге келтірсек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар