Ауа райы
2 мин оқу 30

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

<p><strong>&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК&nbsp;Қазақстан аумағы бойынша 20 қаңтар, сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстігінде қар мен бұрқасын, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман болжанып отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астанада ауа райы бұлтты болады. Ауа температурасы түнде -17…-19°C, күндіз -13…-15°C.

Алматыда күн райы бұлтты болғанмен, жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -5…-7°C.

Шымкентте күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.

Ақтауда күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -10…-12°C, күндіз -3…-5°C.

Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр. Ауа температурасы түнде -15…–17°C, күндіз -10…-12°C.

Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді

Атырауда бұлтты ауа райы болжанып отыр. Десе де жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -8…-10°C.

Жезқазғанда ауа райы құбылмалы. Ауа температурасы түнде -19…-21°C, күндіз -11…-13°C.

Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -19…-21°C, күндіз -11…-13°C.

Көкшетауда қар жауады.  Түнде -18…-20°C, күндіз -12…-14°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -5…-7°C.

Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ауа температурасы түнде -17…-19°C, күндіз -15…-17°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -5…-7°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні метр секундына 15-20-ға дейін жетеді. Түнде -20…-22°C, күндіз -12…-14°C.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Петропавлда бұлтты, қар жауады. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -18…-20°C-ты көрсетеді.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -20…-22°C, күндіз -13…-15°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, қар жауады деп болжанып отыр. Ауа температурасы түнде -17…-19°C, күндіз -5…-7°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел соғады. Ауа температурасы түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C.

БҚО-да ауа райына байланысты үш республикалық жол жабылды

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз -1…+1°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, қар жауады. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -7…-9°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -13…-15°C.

Бөлісу:
Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan