Құрылтай
1 мин оқу 81

Президент төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды

<p><strong data-entity-type="MessageEntityBold">Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Президент төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды

Бұған дейін Президент Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізген еді. 

Ерлан Қарин Мемлекет басшысына 9 қаңтарда өткен Жұмыс тобының отырысында бір палаталы Парламенттің болашақтағы орны, құзыреті мен негізгі міндеттері айқындалып, оның биліктің өзге тармақтарымен өзара байланысын реттейтін ұстанымдар қарастырылғанын жеткізді.

Құрылтай қуаты

Ал Ержан Жиенбаев конституциялық өзгерістерге қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен қоғам тарапынан түскен тың ұсыныстарды Мемлекет басшысының назарына ұсынды.

Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды

Президент аталған кездесуде барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Президент төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар