Пікір
1 мин оқу 40

Қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады

<p style="text-align: left;">Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы Қазақстанның Халық кеңесін құру жөніндегі бастамасы &ndash; елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа кезеңіне сай келетін, уақыт талабынан туындаған өте маңызды әрі салмақты қадам деп санаймын. Жалпыұлттық диалогқа арналған кең әрі тұрақты платформа құру &ndash; қоғамдағы түрлі көзқарасты бір арнаға тоғыстырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтудың тиімді тетігі.</p>

Қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады

Қазақстан халқы Ассам­блеясы мен Ұлттық құрылтай­дың тарихи миссияларының табысты жүзеге асқанын атап өту – олардың ел бірлігі мен қоғам­дық келісімді нығайтудағы өлшеусіз үлесін әділ бағалау. Бұл инс­титуттар өз кезеңінде маңызды рөл атқарып, қоғам­дық диалогтің берік негізін қалыптастырды.

Осы сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның Халық кеңе­сін құру идеясы страте­гиялық тұр­ғы­­дан өте орынды. Жаңа орган Ассамблея мен Ұлт­тық құрылтай­дың тәжіри­бесін біріктіре отырып, эт­ностардың, әлеуметтік топ­тар­­дың, өңірлердің мүдде­сін жүйе­­лі түрде білді­ре­тін жоғары кон­суль­татив­тік алаңға айналады деп сенемін.

Кеңес құрамының теңге­рімді түрде қалыптастырылуы, өңір­лер мен азаматтық қоғам институт­тары­ның кеңінен қам­тылуы – инклю­зив­тілік пен әділетті өкіл­діктің айқын көрінісі. Бұл өз кезегінде ел тәуел­сіз­дігін, қазақ мемлекетті­лігін нығай­туға, қо­ғамдық келісім мен ұлт­тық бірлікті жаңа сапалы деңгейге көтеруге қызмет ететіні анық.

Қорыта айтқанда, Қазақ­стан­ның Халық кеңесі – қоғам­ды топтастыратын, ортақ жауап­кершілік пен ұлт­тық мүддені алға қоятын заманауи әрі пәр­менді институт болатыны сөзсіз.

Шерзод ПУЛАТОВ,

Ұлттық құрылтай мүшесі,

Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы 

Бөлісу:
Қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар