Пікір
3 мин оқу 20

Ұлттық мүддені тоғыстырған алаң

<p style="text-align: left;">2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай халық бірлігін нығайту, әділ, дамыған Қазақстанды қалыптастыру, жүйелі реформаларды ілгерілету және түйінді мәселелерді талқылау мақсатында ашық алаң ретінде қызмет етіп келеді.</p>

Ұлттық мүддені тоғыстырған алаң

Қызылордада өткен Ұлттық құрыл­тайда кейбір сарапшылар айтып жүргендей, мәсе­лелер тек парламенттік реформа аясында ғана көтерілген жоқ. Президент Қ.Тоқаев бұл жолы да кең көзқарасымен, ауқымды ойластырылған баяндама жасады деп есептейміз.

Өйткені ондағы көтерілген мәселелер мен тақырыптар мем­ле­ке­тіміздің ішкі, сыртқы сая­саты­на, экономикамыздың дамуына, әлеуметтік мәселелерге, жас­тардың тәрбиесіне қатысты көп­теген маңызды жайттарды қамтыды. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес, «Заң мен Тәртіп», Әділетті Қазақстан, «Таза Қазақстан», Арал теңізін құт­қару сияқты өзекті мәселе­лер­дің негізгі бағыттарын ашып көрсетті.

Құрылтайдағы басты жаңа­лық ретінде Мемлекет бас­шы­сының Қазақстан Халық кеңесін құру туралы шешімі мен конституциялық реформаға қатысты өзгерістерді айтуға болады. Жаңа Парламенттің атауы – «Құрылтай», оның құра­мын­да 8 тұрақты комитеттің және депутаттардың саны 145 болуы, со­нымен қатар депутаттардың өкілет­тіктерінде өзгерістер қарас­­­ты­рылуы, заң шығарушы орган­ның жұ­мыс тәртібі мен рәсім­­де­рі­не түзе­тулер енгізілетіні белгілі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі заңға түзетулер мен өзгертулер енгізу үшін Конс­ти­ту­циялық комиссия құру туралы шешім қабылдағанын, Комис­сия нақты өзгерістер жобасын дайын­да­ғаннан кейін ғана жалпы­ұлт­тық референдум өткізу мерзімі анық­та­латынын баяндады.

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексінің жұртшылықты алаң­датып отырған мәселесін де қоз­ғады. Ол Кодекске қатысты барлық сындарлы ұсыныстарды зерт­теп, түзетулер енгізу мүмкін­дігін қарастыруды атап өтті.

Құрылтай отырысында Прези­дент инфрақұрылым тақы­ры­бын қозғады. Осыған орай, саладағы атқарылып жатқан іс-шаралардың ауқымды­лы­ғын атап өткен жөн болар. Қазір мем­лекетімізде ірі инфра­құры­лым­дық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Көлік-логистика саласында нақты нәти­же­лер көрсетіп жатқан бастамалар бар. Олар – елімізде бұрын-соңды болмаған, мемлекетіміз үшін маңыз­ды инфрақұрылымдық жобалар.

Инфрақұрылымды дамыту тек экономикалық көрсеткіш­тер­мен шектелмейтіні белгілі. Мемлекетіміздің географиялық құрылымына, өңірлеріміздің ерек­шеліктеріне байланыс­ты ат­қарылып жатқан іс-шара­лар­дың ауқымы көзге көрін­беуі де мүмкін. Бірақ саланы дамы­туға, транзиттік әлеуетті нығай­туға, логистикалық үдеріс­терді жетілдіруге және көлік қызмет­терінің сапасын арттыруға бағыт­­талған көптеген инфрақұры­лым­дық жобалар іске асырылып жат­қанын айтып өткен жөн.

Мемлекет басшысы барлық реформалар мемлекеттік мүдде­лер­дің басымдығы мен халық­тың әл-ауқатын ескере отырып мұқият ойластырылғанын, барлық бастамалар елді ауқымды жаң­ғыртудың ұзақмерзімді бірыңғай стратегиясына біріктір­генін атап өтті.

Сөзін қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақ­стан пре­зиденттік республика ретінде табысты дамитынына, өзі ұсы­нып отырған реформалар еліміздің дамуына қуатты серпін беріп, оның әлеуетін күшей­те­тініне сенімді екенін білдірді.

Тәжірибе көрсеткендей, бар­лық саяси, экономикалық рефор­малар еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, қоғам­ды, халықты біріктіруге және азамат­тар­дың еліміздің саяси өміріне белсенді араласуына берік негіз қалап келеді. Бұл реформаларға қо­ғам­д­а, өңірлерде өткен кездесулерде оң пікір қалыптасып, қолдау тауып отырғанын байқауға болады.

Сенат Президенттің саяси және экономикалық реформаларын толықтай қолдап, оларды заңнамалық тұрғыдан рәсімдеуге белсенді атсалысады. Атал­ған реформаларды іске асыру бағы­тын­да бұл үрдіс жалғасады деп сенемін.

Әли БЕКТАЕВ,

Сенат депутаты

Бөлісу:
Ұлттық мүддені тоғыстырған алаң · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар