Ауа райы
1 мин оқу 30
Қар, бұрқасын: 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?
<p><strong>«Қазгидромет» РМК ел аумағы бойынша 25 қаңтарына арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты қар жауады, ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте күндіз қар және жаңбыр жауады деп күтіледі.
Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, тұман түсіп, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұрқасын жүреді. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп болжанып отыр.
Еске сала кетейік, кеше ауа райына байланысты 15 өңірде ескерту жарияланды.
Бөлісу:
