Сенат
1 мин оқу 20

Тұрғын үй қатынастары мәселесі талқыланды

<p style="text-align: left;">Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; заңды қарады.</p>

Тұрғын үй қатынастары мәселесі талқыланды

Талқылауға мүдделі мемле­кеттік ор­ган­­дардың, соның ішінде Ішкі істер, Қор­ғаныс министрліктерінің, Бас проку­ратураның, сондай-ақ бейінді ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында атап өтілген­дей, заңның негізгі мақ­саты – күзет қызметі субъектілері­нің қызметін жетілдіру, қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, азамат­тық қорғау органдары қызметкер­лері мен әскери қыз­мет­шілерді тұрғын үймен қам­тамасыз ету, тұрғын үй төлемдері тетіктерін ретке келтіру.

Заңмен, атап айтқанда, тұрғын үй төлем­дерін ұсыну және жүзеге асыру тәр­тібін айқындау бойынша өкілеттік­­терді Үкіметке беру, азаматтық және қыз­меттік қару иелері үшін қосым­ша міндеттер енгізу, күзет қызметі субъекті­лері үшін есептілік орнату, сондай-ақ әскерилендірілген теміржол күзетінің құқықтық мәртебесін бекіту қарастырылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік құқық­тық статис­тика саласын­дағы ережелер нақты­ланады және құқық қорғау органдары бас­­шы­ларының кадрлық шешім­дер үшін жауапкершілігі күшейтіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік бақы­лауды күшейтуге, күзет қызмет­терінің сапасын арттыруға және құқық қорғау жүйесіндегі кадр сая­сатын жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.

Бөлісу: