Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады
<p><strong data-entity-type="MessageEntityBold">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.
«Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Татьяна Белоусова – педагог-шебер, «Қазақстанның үздік ұстазы – 2024» құрметті атағының иегері. Оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.