9 минутта – 5 гол

<p style="text-align: left;">Осы күні ең көп тараған спорт түрі&shy;нің бірегейі &ndash; футбол. Доп дода&shy;сындағы бір сәттік серпілістің өзі тарихта қалатын кездер болады. Соның айқын дәлелі &ndash; 2015 жылғы 22 қыркүйекте болған ойын.</p>

9 минутта – 5 гол

Сол күні Германияның басты футбол біріншілігінде, яғни Бундеслигада «Ба­вария» өз алаңында «Вольфсбургті» қабыл­дады. Алғашқы таймда қонақтар есеп ашып, «Бавария» жанкүйерлерін алаңдатқандай болған. Бірақ екінші тайм басталғанда алаңға шыққан Роберт Левандовски бә­рін таңғалдырды. Поляк шабуылшысы 51-минуттан 60-минутқа дейінгі аралық­та, яғни небәрі тоғыз минутқа жетпейтін уақытта қарсылас қақпасына 5 гол соқты. Бір ойынның ішінде мұндай көрсеткіш­тің өзі сирек, ал оны қысқа уақытта қайта­лау тіпті ғажап. Нәтижесінде, матч 5:1 есебі­­мен аяқталып, Левандовскидің бұл ­рекор­ды Бундеслига тарихындағы ең есте қалар сәттердің біріне айналды.

Бөлісу:
9 минутта – 5 гол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар