Қоғам
1 мин оқу 80

Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?

<p><strong>&laquo;Жолаушылар тасымалы&raquo; АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасына жеңілдік жасалатынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған жеңілдік тек аптаның белгілі бір күндерінде жөнелтілетін пойыз бағыттарында қолданылады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?

ҚТЖ хабарлауынша, жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін мына бағыттағы пойыздарға қолданылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына
• Жеңілдік мөлшері –25%.

Елімізде пойыз жолаушыларына қандай талаптар қойылмақ?

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері – 25%.

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері – 25%

«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?

Жеңілдікпен ұсынылып отырған билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан алуға болады. Сондай-ақ аталған билеттерді алу кезінде жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталуы тиіс.

Айта кетейік, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынай алады.

Бөлісу:
Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар