Оқиға
1 мин оқу 20
Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылды
<p><strong>Маңғыстау облысы Шетпе-Жармыш автожолында, елді мекеннен 15 шақырым жерде жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Көмекке мұқтаж жандар туралы хабарлама алған Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.
Құтқарушылар әйел мен үш баланы эвакуациялап, өрт сөндіру бөліміне жеткізді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп және байланыс құралдары мен жылы заттарды алып жүру керектігін ескертеді.
Бөлісу:
