Ата заң
1 мин оқу 30

Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды

<p><strong>Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында республикалық референдумның атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды

Оның айтуынша, Конституциялық комиссия жұмысы аясында тарихи қателіктерді түзетуге мүмкіндік бар. Депутат қолданыстағы Конституция мәтінінде референдум «республикалық» деп аталып жүргенін еске салды.

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

«Алайда, өздеріңіз білетіндей, референдум тек аса маңызды мәселелер бойынша ғана өткізілуі тиіс. Сондықтан оның атауы кез келген түрде өзгертіле бермеуі керек, ал өткізілуі халықтың бірлігіне сай болуы қажет. Осыған байланысты «республикалық референдум» атауын «халықтық», «ұлттық» немесе «жалпыхалықтық референдум» деп өзгерту ұсынылады», деді Мұрат Әбенов.

Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді

Бұған дейін Ата заңның қай баптары қайта қаралатынын жазған едік. 

Бөлісу:
Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар