Ұсынылған өзгертулер конституциялық құрылымның негіздерін нақтылау және нығайтуға, нормалардың құқықтық анықтығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау механизмдерін күшейтуге бағытталған. Депутат Преамбуланың мән-мағынасына және қазіргі әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, конституциялық нормаларды жаңарту қажеттілігіне назар аударды.
«Конституцияның Преамбуласы – бұл тек кіріспе емес, негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі, мақсатты айқындайтын және мемлекеттің даму бағытын белгілейтін басты бағдар», деді Снежанна Имашева.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Одан кейінгі талқылау Конституцияның I және II бөлімдеріндегі нормаларға қатысты болды, соның ішінде құқықтық және зайырлы мемлекет принциптерін бекіту, адам қадір-құқығын, өмір сүру құқығын, жеке еркіндік пен тұлғаның қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ жеке өмір мен жеке деректерді қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар конституциялық принциптердің нормативтік мәртебесін күшейту және олардың практикалық қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Конституциялық реформа: «Құрылтай» мен «Халық кеңесінің» өкілеттігі талқыланды
Ұсынылып отырған өзгерістер конституциялық нормалардың қолданылу тиімділігін арттыруға және олардың түсіндірілуіне біртұтас тәсіл қалыптастыруға бағытталып отыр.
Конституциялық комиссияның екінші отырысында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, қоршаған ортаны қорғау және отбасының құқықтарын сақтау сияқты бастамалар қаралды. Айта кетейік, ұсыныстарды қарау кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, Конституциялық комиссияның келесі отырыстарында жалғасады.
Әділет министрі Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты