Бір мезетте – мың сабақ

<p style="text-align: left;">Код жазуды үйрену бүгін ойын сияқты қызық. Португалияның Лиссабон қаласында бір мезетте өткен бағдарламалау сабағына 1668 адам қатысып, әлемдік рекорд орнатты.</p>

Бір мезетте – мың сабақ

Мұны «Guinness World Records» ресми тіркеген. Іс-шара 2024 жылдың 12 қа­занында өткен. Сабақты Лиссабон­дағы «Instituto Superior Técnico» уни­вер­ситетімен бірлескен ұйымдар өткізді. Бағ­дарламалау сабағы дегеніміз – компьютерге қарапайым бұйрық беруді үйрену. Мысалы, мәтін шығару, есептеу, логика құру сияқты негіздер. Осынша адам бір уақытта бір нәрсе үйреніп, бір залда бір мақсатқа жұмылғаны да – ерекше көрініс.

Бөлісу:
Бір мезетте – мың сабақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар