Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 560

АЛАЯҚТЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСПАДЫ

Қостанайда ірі көлемде ақша жым­қырғысы келген алаяқтық­тың жолы кесілді. <!--more-->Кеден ор­ган­дарындағы нысанның киімін киген біреу Қостанай облысы бой­ынша қазынашылық депар­та­ментіне келіп, жасанды қар­жы­лық құжаттар ұсынған. Сол арқылы кедендік бақылау де­пар­таментінің депозиттік шо­тынан 100 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңды тұлғаның есеп айырысу шотына аудартуға ниеттенген.

Кеденші кейпіне кірген алаяқ ұсынған құжаттарға күдік­тенген қазынашылық департа­мент қызметкері дереу кедендік бақылау комитетіне хабарлас­қан. Ал оңай олжаға батқысы кел­ген арам ниетті азамат ізін жасырып үлгерген. Сот-крими­налистік сараптама қорытын­ды­сы Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментіне ұ­сы­нылған құжаттарға қойылған мөр де, Қостанай облысы бой­ын­ша кедендік бақылау депар­та­менті басшыларының қол­да­ры да жасанды екенін анықтады.

Осы оқиға бойынша облыс­тағы кедендік бақылау департа­менті Қылмыстық кодекстің 24-бабы (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға қастық ой­лау) және 177-бабы, 3-бөлі­мінің “б” тармағы (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде кеденшілер мен қаржы полициясы бірігіп, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, ҚОСТАНАЙ.

Бөлісу: