Қоғам
1 мин оқу 30

Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды

<p data-start="269" data-end="390"><strong>Ақтөбеде 52 жастағы ер адам интернет-алаяқтардың құрығына екі мәрте түсіп, ақшасынан айырылды. Бастапқыда 7 млн теңгеден айырылған ол кейін ұрланған ақшаны қайтаруды уәде еткендерге сеніп, тағы 400 мың теңге аударып жіберген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды

Бір жыл бұрын Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға криптовалютаға инвестиция салудан жоғары пайда алу үмітімен 7 млн теңге аударған. Кейін ер адам YouTube-тегі жарнамадан ұрланған қаражатты қайтару қызметін ұсынатынын көрген. Сол уәделерге сеніп, ол «мамандарға» 400 мың теңге аударған. Ақша қолдарына тиген бойда алаяқтар байланысты үзіп, ғайып болған.

Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?

«Интернеттегі жеке хабарландырулар арқылы алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтарудың кепілдендірілген жолы жоқ. Ақшаны 100 пайыз қайтаруға уәде беру – қайта алдау әрекетінің кең тараған түрі», деп хабарлады полиция.

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ күдіктілерді анықтау және ұстау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Бөлісу: