Қоғам
1 мин оқу 40

Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

<p><strong>Ертең, 5 ақпан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

«Қазтелерадио» жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін мәлімдеді. 

«Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлы және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Айта кетейік, алдын алу шаралары 28 қаңтарда өтуі тиіс еді, бірақ олардың уақыты кейінге қалдырылды.

Бөлісу:
Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді · Egemen Qazaqstan