Өнер
1 мин оқу 10

Көнеден жеткен сарын

<p style="text-align: left;">Роза Бағланова атын&shy;дағы &laquo;Қазақ&shy;&shy;концерт&raquo; мемле&shy;кет&shy;тік академиялық кон&shy;церттік ұйы&shy;мын&shy;да белгілі қобызшы, Мәдениет саласы&shy;ның үздігі Мақсат Медеу&shy;&shy;бектің &laquo;Qobyz soul &ndash; dastur&raquo; ат&shy;ты концерті өтті.</p>

Көнеден жеткен сарын

Қобыз үнінде тылсым сыр бар. Оны тыңдаған­да­ ғасырлар қойнауын­­­­­­да­ғы баба­лардың көне ­са­­­­­ры­­­­нын естігендей бола­сың. Талантты өнерпаз­­дың ­ке­­шінде осындай күй­ді бас­­тан кештік. Кон­­церт ба­ры­сында жұртшылық қо­­­быздың бай тарихымен та­­нысып, жылы әсерге бө­ленді. Сондай-ақ кеш иесі Қорқыт, Ықылас, Тәттім­беттің туындыларын нақы­шына келтіріп тартты.

Жалпы, қобыз – түр­кі халықтарына ортақ музы­калық аспап. Сондықтан бұл концертте татар, қара­қалпақ, тағы басқа түр­кі халықтарының шы­ғар­­ма­лары да орындалды.

Бағдарламаның мақса­ты – қобыз өнерін дәріп­теп, оның орындаушылық мүмкіндігін дамыту. Бұрын қобызды бақсылық дәстүр­мен байланыстыратын.

с

Мақсат Медеубек бү­гінде қобыз аспабы зама­науи талапқа сай акаде­мия­лық бағытта дамуда екенін айтты.

«Қазір қобызбен Анто­нио Вивальди, Вольфганг Амадей Моцарт, Йозеф Гайдн, Иоган Себастьян Бах сынды әлемге әйгілі ком­позиторлардың шы­­ғар­­маларын орындауға бо­лады. Сонымен қатар эстра­далық жанрда да қобыз­дың әлеуеті зор. Бұл аспап арқылы жеңіл каверлік туын­дыларды орындап, кең аудиторияға насихат­тауға мүмкіндік мол», дейді ол.

Қысқасы, өнер ке­шіне келген көрермен да­рын­ды қобызшының орын­дауындағы күйлерді тың­дап, рухани демалды.

Бөлісу:
Көнеден жеткен сарын · Egemen Qazaqstan