Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala» емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жерде денсаулығында кінараты бар 3-18 жас аралығындағы балаларға медициналық, психологиялық және педагогикалық кешенді қолдау көрсетіледі.
Жыл сайын орталықта шамамен 840 бала емдік-сауықтыру шараларынан өтпекші. Мұнда күндізгі емдік курстарына арналған және жатып емделетін бөлімшелер, диагностикалық кабинеттер, денешынықтыру залдары, тұз шахтасы, баланың сезім мүшелерін дамытуға және мінез-құлқын реттеуге арналған сенсорлық және интерактивті жабдықтар, иммерсиялық ванна, арнайы еңбек құралдарымен жабдықталған шеберханасы бар. Мекемеге бірнеше психолог, логопед, дефектолог және арнайы емдік-денешынықтыру жаттықтырушылары, невролог мамандар жұмысқа қабылданды.
Жоба «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның Samruk –Kazyna Trust корпоративті қайырымдылық қоры мен «Baquatty Aimaq Qory» және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.
Айта кету керек, Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам мүгедек бала бар.