Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Астананың Нұра ауданы әкімдігінде жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерге арналған ашық қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Зұлфухар Ғайыпов және аудандық басқармалар мен бөлім басшылары, партия хатшылары мен қоғам белсенділері сондай-ақ білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.
«Біздің мақсат – азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстарын жан-жақты талдау. Президент былтырғы Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу көзделген конституциялық реформаны өткізуді ұсынды. Бұл бастама саяси жүйені кешенді түрде қайта жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуірінде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған», деді Ришат Тұрдыбеков.
Ата Заңның жаңа жобасы преамбула, 11 бөлім, 95 баптан тұрады.
«Кей бөлімдер бірінші рет қосылып отыр. Екіншіден, бұл нұсқаның преамбуласы кіріспесі жаңадан жазылып шықты. Кіріспе «Біз, біртұтас Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекетті нығайта отырып, Ұлы даланың мыңжылдық тарихын сабақтастығын сақтап…» деп басталады. Жаңа Конституцияда арнайы 30-бап енгізілді. Мұнда «Неке ер мен әйелдің мемлекеттік заңға сәйкестіркелген ерікті одағы» деп жазылған. Парламент бірпалаталы болады. Оның атауы – Құрылтай. Сондай-ақ жаңа саяси институт –Қазақстан Халық кеңесіқұрылады», деді Зұлфухар Ғайыпов.